
IZI адамы болу дегеніміз – сәнді әрі көңілді өмір сүру
Адамдардың өмірін көңілді және қызықты ету үшін – біз күнде ізденеміз, талпынамыз және сол бағытта жұмыс істейміз
Барлық вакансия


IZI командасы
Мобилді байланыс пен ойын-сауық нарығын өзгертіп жатқан іскер жас мамандардан тұрады. Біз брендті белгілі ету жолында – код жазамыз, интерфейс құрастырамыз, подкаст жазамыз, бизнес-процесс құрамыз, клиенттерге қызмет көрсетеміз, ізденеміз және анализ жасаймыз.
Қосымша өсіп-өркендеп, қазір жаңа бағыттар ашылып жатыр, сондықтан құндылықтарымыз ортақ болатын адамдарды іздеудеміз
IZI-ді жақсы көруге 3 себеп:

Еркіндік
Біз ережелерге қарағанда адамдарды көбірек бағалаймыз. Идеяң бар болса, оны тексеріп көр де нәтижесімен бөліс. Ешкім саған жұмысты қалай істеу керектігін нұсқап отырмайды.

Сенім
Біз жаңадан келген мамандарға немесе стажёрларға ауқымды жобалар беруден қорықпаймыз. Көмегіміз әрдайым дайын.

Икемділік
Біз жекешелеп және команда бойынша мақсат пен міндеттерді өзіміз қоямыз, өзіміз мақсатқа жеткізетін жоспар құрамыз және нәтижеге де өзіміз жауаптымыз. Біз IZI қосымшасын өзімізге ұқсайтын адамдар үшін жасаймыз. Қалағаның бойынша үйден жұмыс жаса, не болмаса кеңсеге кел – өзің білесің. Ал бір нәрсе ұнамайды ма? Оны бірге өзгертуге дайынбыз!
IZI төрт командадан тұрады
Қолдау қызметі
Мансап құру жолында IZI Қолдау қызметінде алғашқы қадам жасау – өте оңды шешім.
Мұнда команда ішінде жұмыс істеуді және клиентке бағдарланған қызметті үйренесің. Үлкен әріптестерің чатта қалай сөйлесу керектігін және түрлі жағдайлардың шешімін табуды үйретеді.
Егер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде сауатты сөйлеп жазсаң, адамдарға көмектесіп жаңа нәрселерді білгің келсе, Қолдау қызметінің вакансияларына өтініш қалдыр
Маркетинг
Маркетинг командасында бренд-менеджерлер, дизайнерлер, редакторлар, аналитиктер, трафик және әлеуметтік желілер бойынша мамандар жұмыс істейді.
Біз қосымшаның танымалдылығына жауаптымыз. IZI «фирменный» стилін құрамыз, мәтін жазамыз, фото және видео түсіреміз, әлеуметтік желілер жүргіземіз, фича және қызметтердің аттарын ойластырамыз, жарнамалық науқандар жүргіземіз және нарықты зерттейміз.
Сонымен бірге мемдер шығарамыз, фирменный мерч және телеграмға арналған стикер топтамаларын құрастырамыз.
IZI студия
Таза шығармашылық, креативті идеялар, музыкалық жобалар, қайнап жатқан энергия – бұның барлығы IZI студия.
Студия командасы бірегей қазақстандық контент жасайды: психологтардың қатысуымен подкастар, стенд-ап әртістермен шоулар, музыканттар, актерлер және кәсіпкерлермен сұхбаттар. Қонақтарымыздың арасында – орындаушылар Say Мо және Dequine, комиктер Вероника Ким және Фима Иванов, танымал продюсер Тимур Балымбетов, атақты режиссер Әділхан Ержанов, аты шулы журналист Асхат Ниязов.
Біз сондай-ақ IZI радионы іске қостық. Онда түрлі музыкалық жанрлар бар: 80-ші жылдардағы жалынды дискотекадан бастап мұңды жапон шугейзіне дейін, бұрынғы хип-хоптан бастап қазақстандық жас диджейлердің DJ-сеттеріне дейін.
IZI студия есіктері дарындыларға - продюсерлер, журналистер, диджейлер, операторлар, жүргізушілер, редакторлар - әрдайым ашық.
Әзірлеу
Барлық өнімді біз өзіміз әзірлеп, өзіміз жетілдіреміз. IZI-де өнім шығаратын команда екі негізгі бағытқа бөлінеді: Neotelecom және Teletainment.
Өнім шығаратын команданың технологиялық стек тізімі:
Әзірлеушілер, аналитиктер, сынақтама жүргізушілер, өнім-менеджерлері, дизайнерлер Scaled Agile Framework немесе SAFe негізінде жұмыс істейді.

Керек вакансия таппадың ба?
Анкетаны толтыр – саған хабарласамыз